Accessibility links

Ходорковскийге жаңа айыптар тағылуда


Мәскеу соты түрмеге жабылған кәсіпкер Кремлдің сыншысы Михаил Ходорковскийге қарсы жаңа айыптар бойынша тыңдауларын бастады. Ходорковский мен оның әріптесі Платон Лебедевке ЮКОС мұнай компаниясының шамамен 25 миллиард долларын заңсыз иеленді деген айып тағылған. Ходорковский өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр. Ходорковскийдің адвокаттары мұндай айыптаулардың саяси астары бар деп отыр.
XS
SM
MD
LG