Accessibility links

Ауғанстан мен Пәкістан президенттері Анкарада басқосты


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай мен Пәкістан президенті Әли Зардари сәуірдің 1-де Анкарада кездесуде. Күн тәртібіндегі мәселе-қос елге ортақ шекара бойындағы қарулылармен күрестегі әріптестікті нығайту. Бұған дейін ресми Кабул Талибан жасақтарымен күресте Пәкістан жеткілікті әрекет етпей келеді деп айыптап келген болатын. Ресми Исламабад болса бұл айыптауды жоққа шығаруда. Түркия президенті Абдулла Гүл бүгінгі сөйлесулерге арағайындық етіп отыр. Бұл кездесу-соңғы үш жылдан бергі үшінші жүздесу болуда.
XS
SM
MD
LG