Ұлы Гоголдің 200 жылдығы Ресей мен Украина және басқа да елдерде атап өтілуде. Жазушының бұдан бұрын жарияланбаған хаттары мен эсселері, қысқа әңгімелері Киевте ашылған екі апталық көрмеге қойылып отыр. Сондай-ақ Украина мұрағаттарынан Гоголдің сирек қолжазбалары да табылып, олар да көрмеден орын алған екен.