Accessibility links

Оппозиция жетекшілеріне қатысты сот жалғасуда


Бүгін Алмалы аудандық сотында оппозиция жетекшілеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі тағы жалғасады.

Алдыңғы болып өткен сот отырысында оппозиция жетекшілері сот процесіне қатысуларын жалғастырған, ал сот төрешісі Райхан Әшкеева олардың өтініштерін қараған. Атап айтқанда, Райхан Әшкеева адвокаттардың Украинадан қорғаушы тараптың куәгерлерін шақырту туралы өтініштерін қанағаттандырды. Негізгі сот тыңдаулары әлі басталған жоқ.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан үкіметі оппозиция жетекшілеріне бірқатар тұлғалардың Украинадан саяси босқын мәртебесін алуына көмектесті, «қылмысты бүркемеледі» деген айып тағып отыр.
XS
SM
MD
LG