Accessibility links

Қырғыз оппозициясының басшысы президент сайлауына түспейтіндігін мәлімдеді


Қырғыз оппозициясының басшысы Өмірбек Текебаев шілде айында өтетін президент сайлауына түспейтіндігін мәлімдеді. Ол басқаратын «Ата-Мекен» партиясының басшылығы бұл шешімге түсініктеме берген жоқ, бірақ қырғыз оппозициясының қазіргі президент Құрманбек Бакиевке қарсылас ретінде бір кандидат ұсыну ниеті барын айтты.

Биыл Өмірбек Текебаев заңсыз қару сақтады деген күдікпен аз уақытқа ұсталған болатын. Оның жақтастары саяси салдармен тағы бір қуғынға ұшырауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
XS
SM
MD
LG