Accessibility links

Дэвид Петреус: Ауғанстандағы жағдай нашарлауда


Ауғанстандағы жағдай нашарлауда, — деп мәлім етті Сенатта сөз сөйлеген АҚШ Орталық әскери басқармасының басшысы Дэвид Петреус.

Оның айтуынша, Ауғанстандағы әскерилердің белсенділігі күшейе түсуде, олар елдің оңтүстігі мен шығысындағы аумақты назарда ұстауда. Бұл жағдайдан шығу үшін АҚШ-тың ұзақ та табанды араласуы қажет.

АҚШ президенті Барак Обама өткен аптада Құрама Штаттардың Ауғанстанға қатысты стратегиясын жариялап, 20 мыңнан астам әскери қызметкер жіберуге уәде еткен.
XS
SM
MD
LG