Accessibility links

Тәжік-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерге естелік аллея ашылмақ


ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Астанадағы «Отан-Ана» ескерткіші мәңгілік алауының аумағында 2009 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасында қаза болған Ішкі әскерлердің 17 жауынгерін еске алу құрметіне естелік аллея ашылады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 сәуір — тәжік-ауған шекарасында 1995 жылы қаза болған Ішкі әскерлердің 17 жауынгерін еске алу күні болып есептеледі. Тәжікстанның Пшихавр шатқалында осыдан 14 жыл бұрын моджахеттермен болған ұрыста опат болған Қазақстан Ішкі әскерлерінің 17 жауынгерін еске түсіретін тақтайша орнатылған.
XS
SM
MD
LG