Accessibility links

Ресей мен Қытай Тәжікстандағы жаттығуларға қатысады


Осы айда Тәжікстанда өтетін бірлескен әскери жаттығуларға Ресей мен Қытай қатысатын болады. Тәжікстанның қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, сәуірдің 17-і мен 19-ы аралығында өтетін соғыс ойындарына Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдері қатысады.
Бұл әскери жаттығулар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Ресей мен Қытай жетекшілігіндегі аймақтық топтың қолдауымен өткізіледі.
Министрліктің өкілі хабарлағандай, ол жаттығу шаралары ынтымақтастықты дамытып, халықаралық терроризм, саяси экстремизм және сепаратизмге қарсы дайындықты күшейтуге арналған.
XS
SM
MD
LG