Алмалы аудандық сотында оппозиция жетекшілеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі тағы жалғасады. Cот отырысы қарсаңында сот төрешісі Райхан Әшкеева олардың адвокаттарының өтініштерін қарап, біразын қанағаттандырмай тастады.
Адвокат Данияр Қанафинның айтуынша, қылмыстық іс материалдарымен түгелдей таныспағандықтан, олар сот төрешісі Райхан Әшкееваны ауыстыруды талап еткен. Бірақ сот отырысына келген Алмалы аудандық сотының төрағасы адвокаттардың сот төрешісін ауыстыру туралы өтініштерін қанағаттандырмады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, негізгі сот тыңдаулары әлі басталған жоқ. Қазақстан үкіметі оппозиция жетекшілеріне бірқатар тұлғалардың Украинадан саяси босқын мәртебесін алуына көмектесті, «қылмысты бүркемеледі» деген айып тағып отыр.