Accessibility links

Қырғызстан «Манас» әуе базасы туралы келісімді бұзды


Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев «Манас» әуе базасын пайдаланып келген халықаралық антитеррорлық коалицияның 11 мемлекетімен арадағы келісімді тоқтату туралы заңға қол қойды. Заңды Қырғызстан парламенті қабылдады.

Бұдан бұрын парламент «Манас» әуе базасына американдық әскери қызметкерлерді орналастыру туралы АҚШ-пен арадағы келісімді бұзған. Олар Қырғызстаннан 20 тамызға дейін кетулері керек.
XS
SM
MD
LG