Accessibility links

Обама: Лондон саммиті экономикалық дағдарысқа қарсы бетбұрысты кезең болды


Әлемдік 20 ірі және дамушы елдер саммиті экономикалық дағдарысқа қарсы тұруда бетбұрысты оқиға болды. Бұл жөнінде АҚШ президенті Барак Обама Лондондағы аталған саммит бітісімен, бейсенбінің кешінде болған баспасөз мәслихатында айтты. Әлемдік дағдарысты тоқтатып қана қоймай, оның қайталанбауын қамтамасыз ететін, тұтқиыл шараларды қолдануға Үлкен 20-лық басшылары келісті деді Обама.

Басшылар экономикалық дағдарысты ауыздықтау үшін 1,1 триллион доллар қаржы жинақтауға уәде берді. Оның 750 миллиарды Халықаралық қаржы қорына, 250 миллиарды әлемдік сауданы жақсартуға және 100 миллиарды кедей елдерге қарыз беретін халықаралық даму банктеріне бөлінетін болады. Олар сондай-ақ қатаң қаржылық бақылау орнатуға келісті.
XS
SM
MD
LG