Accessibility links

Дания үкімет басшысы-НАТО бас хатшылығына үміткер


Дания үкімет басшысы Андерс Фоғ Расмуссен НАТО бас хатшылығына үміткер екенін сәуірдің 3-де растады. Бас хатшыны таңдау НАТО-ның осы жолғы 2 күндік саммитінде талқыланады. Расмуссен 2006 жылы Мұхаммед ғалейхиуассалам пайғамбарды келемеждеген суреттер жариялаған даниялық басылымдарды жақтап, мұсылман қауымының ашу-ызасын туғызған еді. Ол сондай-ақ Түркияның ЕуроОдаққа мүше болуына қарсы шыққан болатын. Ресми Анкара Расмуссеннің бас хатшы болуына қарсы шығатынын тұрақты түрде айтып келеді.
XS
SM
MD
LG