Accessibility links

Прагада Обаманың сапарына орай қауіпсіздік күшейді


Чехия астанасы Прага қаласы АҚШ президенті Барак Обаманың ресми сапарына дайындалып жатыр. Чехия полициясы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, снайпер атқыштары барлау жүргізу үшін үйлердің төбесіне шығарылды. Ресми билік Праганың үстінен ұшуға тыйым салды. Полиция адамдар көп жүретін орталықтағы Вацлав алаңы мен басқа да туристік орындарда тексеруді күшейтіп отыр.
Барак Обама Прагаға сенбі күні кешкісін келеді. Жексенбі күні ол еуропалық жетекшілермен кездесіп, әлемнің ядролық қарудан бас тарту мақсаты жайында сөз сөйлейді.
XS
SM
MD
LG