Accessibility links

Обама Түркияның ЕуроОдаққа қосылу ұсынысын қолдады


Бүгін Прагадағы Еуропа Одағының саммитіне қатысқан АҚШ президенті Барак Обама Түркияның ЕуроОдаққа қосылу ұсынысын қолдады.
Одақ жетекшілерінің кездесуінде сөйлеген президент Барак Обама 27 мүшесі бар Еуропа Одағына ең үлкен мұсылман елі Түркияның қосылуы маңызды деп айтты.
Алайда Франция президенті Николя Саркози Түркия Еуропаға емес, Азияға жатады деп оған қарсылығын танытты.
Германия канцлері Ангела Меркель Еуропа Одағының Түркиямен келешек байланыстары туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр деді.
Түркия 2005 жылдан бері Еуропа Одағына мүше болуға ресми кандидат болып келеді. Алайда, одаққа қосылу жөніндегі келіссөздер еуропалық кейбір елдердің Түркияның одаққа енуіне қарсылығынан созылып келеді.

АҚШ президенті Барак Обама Чехиядағы кездесулерінен кейін екі күндік сапармен Түркияға ұшып кетті.
XS
SM
MD
LG