Accessibility links

Стамбулдағы Өркениеттер альянсының форумына қазақстандық делегация қатысады


ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е.Ашықбаевтың хабарлауынша, бүгін Стамбулда Өркениеттер альянсының екінші форумы басталады.

Форум жұмысына Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығы және Өркениеттер альянсы арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мен дамыту және шілденің 1-2 күндері өтетін 3-ші съездің жоғары деңгейлігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР парламенті сенатының төрағасы, съезд хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация қатыспақ.

Форумның негізгі мақсаты – мәдениеттер мен діндер арасында орын алған шиеленістер мен жік кедергілерінен асу, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы мәдени әртүрлілікті сақтау мен басқару мәселелерін қарастыру.
XS
SM
MD
LG