Accessibility links

«Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының мүшелері аштық жариялауды тоқтатпақшы


Бүгін Алматыдағы «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының мүшелері аштық жариялауды тоқтатпақшы. Бұл туралы Азаттыққа түсініктеме берген «Талмас» қозғалысының жетекшісі Айнұр Құрмановтың айтуынша, аштық акциясының тоқтатылуына «Нұр Отан» өкілдерімен арадағы жұма күнгі келіссөздер себеп болған.

«Осы мәселеге байланысты сағат 15.00-де баспасөз мәслихаты өтеді. Бұған борышкерлер баспанасын тартып алып отырған банктер жұмысына қатаң талап қою мәселесі жөніндегі сұрақтарға жауап беру үшін Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау агенттігінің (АФН) төрайымы Елена Бахмутова шақырылды. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы борышкерлер баспанасын тартып алуға екі жылдық мораторий жариялау туралы меморандумды бекітеді, бұған қазірдің өзінде 4 банк қол қойған. Алматы қаласының әкімшілігі жанынан борышкерлер мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысын жаңғырту да сөз болады. Тағы бір жаңалық — бұған дейін аймақтарда жеке-жеке жұмыс істеп келген қозғалыс өкілдері бірігіп, «Халыққа баспана қалдырайық» атты жалпы республикалық қозғалыс құрылады», — деді Айнұр Құрманов.
XS
SM
MD
LG