Accessibility links

Қ. Келімбетов: «Самұрық-Қазына» құрылыс салушыларды қаржыландырады


«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының бағдарламасы бойынша осы аптада құрылыс салушыларды қаржыландыра бастайды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов бүгін Алматы қалалық әкімдігінде құрылыс салушы компаниялардың өкілдерімен өткізген кеңесте мәлім етті, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

«Егер барлық құрылыс салушылар бізбен уағдаласқан шарттарды орындаған жағдайда үкімет екі-үш күннің ішінде тиісті шешімдерді қабылдайды деп күтудеміз, сондай-ақ, осы аптаның аяғына дейін біз нысандарға арналған қаржының бірінші траншын аударуды қамтамасыз етеміз», — деді Қ. Келімбетов.
XS
SM
MD
LG