Accessibility links

Киносүйер қауым Әмина Өмірзақованы еске алмақ


Бүгін кешкі сағат 17.00-де Алматы қаласындағы Кино үйінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Ерқожақызы Өмірзақованы еске алу кеші өтеді.

Бұл туралы Азаттыққа хабарлаған актрисаның ұлы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы Талас Өмірзақовтың айтуынша, еске алу кеші Әмина Өмірзақованың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ бүгін актрисаның тұрған үйіне (Төлебаев көшесі 125) орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтеді.

Ә. Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1949 жылдан бастап өмірінің соңына дейін үзіліссіз қызмет еткен Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрындағы рөлдеріне қоса ол «Абай», «Жамбыл», «Бір ауданда», «Ана туралы аңыз», «Арманым менің», «Ақ шаман», «Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері», «Нан дәмі», «Шанхай, «Тақиялы періште» фильмдеріне түскен.
XS
SM
MD
LG