Алматы облысындағы Алматы - Байсерке - Талғар магистральді газ құбыры құрылысының жобасы бюджет қаржысының шектеулілігіне байланысты кейін қайтарылды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың блогындағы Талғар қаласын газдандыру туралы сұраққа берген жауабына сілтеме жасап.
«2008 жылы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Алматы облысы әкімі ұсынған «Алматы - Байсерке - Талғар магистральді газ құбыры құрылысының жобасын» қарап, оны республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым жобалар тізіміне енгізу үшін экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне жіберген. Бірақ экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі аталған жобаны бюджет қаржысының шектеулілігіне байланысты кейін қайтарды», — дейді Сауат Мыңбаев.