Accessibility links

АҚШ өкілдері Ауғанстандағы президент сайлауының дайындығын талқылауда


АҚШ-тың арнаулы өкілі Ричард Холбрук пен АҚШ әскері штаб басшылары біріккен комитетінің төрағасы адмирал Майк Муллен Ауғанстанға келді. Сапардың мақсаты — елдегі президент сайлауына дайындық туралы және «Талибан» әскеріне қарсы әрекеттер жөнінде келіссөздер жүргізу.

Майк Муллен Ауғанстанға осы жылы қосымша жіберілген 17 мыңға жуық американдық әскердің елдің оңтүстігіндегі экстремистер қарсылығын жеңуге көмектесетінін мәлімдеді. Ричард Холбрук Ауғанстандағы президент сайлауының еркін және әділ өтуіне АҚШ-тың жәрдемдесетінін айтты.
XS
SM
MD
LG