Қазақстан Ішкі істер министрлігінің криминалды полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Құсетовтің мәліметінше, Алматы облысында криминалды полиция қызметкерлері «кәнігі ұры» Серік Жаманаевты қолға түсірген.
«Қазір Серік Жаманаевтан екі грамға жуық героин есірткісі тәркіленіп, өзі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сондай-ақ криминалды полиция қызметкерлері оның журналист Оралғайша Омаршанованы ұрлап әкетуге қатысы болуы мүмкін деген деректі тексереді. Оралғайша Омаршанова із-түзсіз жоғалып кеткеннен кейін ішкі істер органдары Серік Жаманаевтан көз жазып қалды», — деді Сұлтан Құсетов.
Оралғайша Омаршанова 2007 жылы жоғалып кетті. Мұның бір себебі оның кәсіби жұмысымен байланысты деген де болжам бар. Оған дейін журналист ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетін зерттеумен айналысқан.