Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстардан 18 адам опат болды


Полицияның хабарлауынша, Ирақ астанасында бүгін 4 көлік жарылысы орын алып, кемінде 18 адам қаза тапқан. Алғашқы жарылыс Бағдадтың шығысындағы Садр аймағында бір базарда болды. Екінші көлік Бағдадтың орталығында жарылды, қалған екі жарылыс Хуссейния аймағында орын алды.

Сонымен қатар, Ирақтың Дияла өлкесінде АҚШ сарбазы қаза тапты деп хабарланып отыр. АҚШ әскерилерінің мәлімдемесіне қарағанда, әлгі сарбаз Дияладағы әскери операция нәтижесінде көз жұмған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG