Accessibility links

Расмуссен дін мен сөз еркіндігі арасында тепе-теңдікке шақырды


НАТО-ның болашақ басшысы сөз бостандығы мен діни сезімдерге деген құрмет арасында тепе-теңдікке шақырды. Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдеуінше, мәдениеттер мен діндер арасындағы диалог екіжақты құрмет пен түсінушілік негізінде болуы тиіс. Бұл туралы ол Батыс пен Ислам әлемі арасындағы түсінушілікті алға тартатын Өркениеттер одағы форумында мәлімдеді.

Расмуссеннің бұл жаңа қызметке тағайындалуына Түркия қарсылық танытқан болатын. Түркия 2005 жылы Дания басылымында Мухаммед пайғамбарды келемеждеген суреттердің жариялануына байланысты Расмуссеннің ұстанымын еске түсірді. Ол дағдарыс кезінде Фог Расмуссен сөз бостандығын қорғап, әлгі карикатураларға байланысты кешірім сұрау туралы шақыруларға бағынбаған болатын. Мухаммед пайғамбарды келемеждеген суреттерге орай әлем мұсылмандары жаппай наразылық шараларын өткізген-ді.
XS
SM
MD
LG