Accessibility links

Беларусь ішкі істер министрі қызметінен кетті


Беларусь ішкі істер министрі Владимир Наумов қызметінен кетті. Президент Александр Лукашенконың кеңсесінің хабарлауынша, министр денсаулық жағдайына байланысты қызметінен босатылған.

Наумов Лукашенконың ауторитарлық билігіне қарсы наразылық танытушыларды аяусыз қудалады деп айыпталған болатын. Адам құқықтарын бұзды деген айыптарға байланысты Наумов пен тағы басқа Беларусь ресмилерінің Еуропа Одағына кірулеріне тыйым салынған еді бірақ бұл шектеулер өткен жылы тоқтатылды.
XS
SM
MD
LG