Accessibility links

ТМД елдері Сыртқы істер министрлері Ашхабадта бас қоспақ


10 сәуір күні Ашхабад қаласында ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер Сыртқы істер министрлері Кеңесінің кезекті отырысы өтуі жоспарлануда. Аталған отырысқа Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастаған делегация қатысады, — деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Ершан Ашықбаев.

Отырыс барысында ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықтың дамуы, ұжымдық қызмет механизмдерін жетілдіру, стратегиялық тұрақтылық пен өңірлік қауіпсіздік сияқты өзекті мәселелер талқыланбақ. Сондай-ақ Қазақстан сыртқы істер ведомствосы басшысының бірқатар кездесулері де жоспарланған.

Отырыстың қорытындысы бойынша Достастық елдері арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға арналған құжаттар қабылданады.
XS
SM
MD
LG