ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Алматыда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер өкілдерінің штабтық келіссөздерінің бірінші кезеңі өтеді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, штабтық келіссөздерге Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстанның әскери сарапшылары қатысады. Күн тәртібінде «Бейбіт миссия — 2010» террорға қарсы оқу-жаттығуларына дайындық және оны өткізу мәселелері қаралады. Штабтық келіссөздердің екінші кезеңі осы жылдың қыркүйек айында өтеді деп жоспарлануда.