Accessibility links

Мәжіліс президенттің «Мерекелер туралы» заң түзетулеріне қарсылығын қарастырмақ


ҚР Парламент Мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәжіліс палатасы ертең мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мерекелер туралы» заң түзетулеріне қатысты қарсылығын қарастыруды жоспарлауда.

10 наурыз күні Сенат «Мерекелер туралы» заң түзетулерін қабылдап, ол бойынша Наурыз мерекесі 21-23 наурыз аралығында үш күн демалыс берілетін болған. Сондай-ақ мемлекеттік мереке тізімінен Республика күнін (25 қазан) алып тастап, Конституция күнін (30 тамыз) ұлттық мереке ретінде жариялау ұсынылған.

ҚР Президенті өткен Наурыз мерекесі қарсаңында аталған заңға қол қоймай, өз қарсылықтарын білдіріп, парламентке қайтарған.
XS
SM
MD
LG