Accessibility links

Италияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны шарықтап барады


Италияның орталығында болған жер сілкінісінен қаза болғандардың саны кем дегенде 207-ге жетіп отыр. 15 адам жоғалғандар қатарында есептелуде. Дүйсенбі күні болған, күші 6,2 балдық бұл зілзаладан бірнеше ондаған мың адам баспанасыз қалғанға ұқсайды. Абруззо таулы ауданындағы елді мекендерде үйлердің көбісі қирап қалған. Құтқару қызметінің өкілдері қирандыларды қазып, тірі қалғандарды әлі де іздестіруде. Сильвио Берлускони Абруззо аймағында төтенше жағдай енгізілетінін жариялап, Мәскеуге баратын жұмыс сапарын кейінге қалдырды. Италияда соңғы 30 жылдағы ең күшті жер сілкінісі ретінде тіркелген бұл зілзала дүйсенбіге қараған түні орын алды.
XS
SM
MD
LG