Accessibility links

АҚШ президенті Барак Обама Ираққа барды


Алдын-ала хабарланбаған бұл сапарында Обама Ирақтағы АҚШ қолбасшылары және жауынгерлерімен кездесетін болады. Сондай-ақ Ақ үй өкілдерінің айтуынша, Обама Ирақ басшыларымен телефон арқылы сөйлеседі. Ауа райының нашарлығы тікұшақтың ұшу мүмкіндігіне кедергі жасағандықтан да президент бұл жолы Ирақ басшыларымен жеке жүздесе алмайтын болып отыр. Бұдан бұрын Обаманың Еуропа мен Түркияда 8 күндік сапарда болғаны белгілі.
XS
SM
MD
LG