Молдова астанасы Кишиневте полиция мен шерушілер қақтығысынан 40 шақты азамат жараланған. Парламент сайлауындағы коммунистердің жеңісіне наразы 10 мыңдай жұрт президент сарайына және парламент ғимаратына шабуылдап, қолына түскен заттарды өртеуде. Полиция шерушілерге қарсы көз жасаурататын газ пайдаланды. Олар дауыс қортындыларының бұрмаланғанын айтып отыр. Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы Молдовадағы сайлаудың кейбір тұстарын жетілдірудің қажеттігін атап көрсетті. Ресми мәліметтер бойынша, коммунистер парламент сайлауында 50 пайызға жуық дауыс алған.
Екі рет сайланған Владимир Ворониннің 3-ші мәрте президенттікке түсуіне конституция бойынша хұқы жоқ. Аталған сайлау оған осындай хұқық беріп отыр.
ЕуроОдақ шерушілерді сабырға шақырыуда. Сондай-ақ ол Молдова үкіметінің бейбіт шеруге кедергі жасамауына кеңес берді.