Accessibility links

Алматы қаласында «Кәсіпкер күні» өтуде


Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінде апта сайын «Кәсіпкер күні» өткізілетін болады.

26 мамырға дейін жалғасатын бұл шараны өткізудегі басты мақсат — дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара диалогты қалыптастыру және аудандардың бизнес белсенділігін жандандыру.

Аталмыш шара барысында Алматы қаласы мен аудандардағы бизнестің жағдайы, дағдарысқа қарсы қалалық бағдарламаны жүзеге асырудағы бизнестің рөлі, жаңа Салық кодексі, мораторий жағдайында әкімшілік кедергілерді төмендету, кіші және орта бизнесті несиелеу сияқты мәселелер талқыланады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG