Accessibility links

Италиядағы зілзала құрбандарының саны 230-дан асты


Нақтыланған мәліметтер бойынша, Италияның орталық бөлігінде болған зілзала құрбандарының саны 230-дан асты. Осы өңірде тағы бір жаңа жер асты дүмпуі тіркелді.

Мамандардың айтуынша, соңғы жер сілкінісінің магнитудасы Рихтер өлшемі бойынша 5,4 балл болған. Апат салдарынан 1,5 мыңнан астам адам жарақаттанып, 17 мыңдай адам баспанасыз қалған.

Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони құтқарушылар жұмысының әлі екі күнге жалғасатынын айтты.
XS
SM
MD
LG