Accessibility links

Қарағанды ғарышкерлерді қарсы алуға дайындалуда


Бүгін «Союз ТМА-14» ғарыш кемесі Қарағандыдан 335 шақырым жерге қонады және кешке экипаж мүшелері әуежайға келмек, — деп хабарлайды «ҚазТАГ».

Ресей федеральдық аэронавигация қызметінің жетекшісі Александр Нерадько ұшыру аппаратының қонуы ауа-райының қолайсыздығына байланысты бір тәулікке шегерілгенін хабарлады. Қарағандыда сейсенбіге қараған түні ауа-райы бұзылып, қар аралас жаңбыр жауған.

Ғарыш кемесімен 18- ғарыш экспедициясына қатысушылар — ресейлік Юрия Лончакова, американдық Майкл Финк пен ғарыш туристі Чарльз Симонилер оралады.
XS
SM
MD
LG