Accessibility links

Нұрлан Ысқақовқа қосымша айып тағылды


Бүгін бұрынғы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген қосымша айып тағылды, — деп мәлім етті Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

М.Жұманбайдың айтуынша, тұтқындауға санкция берілген бұрынғы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов қазір Астана қалалық тергеу абақтысында отыр.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұрынғы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен «Меркурий плюс» ЖШС өкілі А. Жайылғановқа 1 сәуірде қызметтік өкілеттілігін пайдаланып 1 млрд 172 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды және мемлекеттік сатып алулар кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

«Сол күні алдын-ала тергеу барысында табылған дәлелдердің негізінде Астана қаласының Сарыарқа аудандық №2 соты Ысқақов пен Жайылғановты тұтқындауға санкция берді», — делінген баспасөз хабарламасында.
XS
SM
MD
LG