Accessibility links

Сенат бюджет заңына ұсынылған түзетулерді мақұлдады


Сенат депутаттары палатаның бүгін өткен жалпы отырысында «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға ұсынылған түзетулерді мақұлдады. Бюджеттің заңына енгізілген толықтырулар жайлы экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, ұсынылып отырған заң жобасы 2009 жылы әлемдік экономика өсуінің баяулауы, ресурстарға жалпы әлемдік сұраныстың төмендеуі мен қазақстандық экспорттың негізгі ұстанымдарына әлемдік бағаның төмен деңгейінің сақталу үрдістері және теңге девальвациясының әсерін ескере отырып жасалған.

Энергия ресурстарын жалпы әлемдік тұтынудың қысқаруына байланысты мұнай өндіру көлемінің болжамы 2009 жылы бұрын болжанған 79,2 млн. тонна көлемінен 76 млн. тоннаға дейін төмендеген. Экспорт және импорт көлемдерінің болжамы да тиісінше 17 және 9 млрд. АҚШ долларына төмендеу жағына нақтыланды.

Инфляция, теңгеге жүргізілген девальвацияны ескере келе, 2009 жылдың соңына 11% деңгейінде болжануда, оның индекстің жалпы көрсеткішіне үлесі Ұлттық банкпен бірлескен бағалау бойынша 2 %-дан аспайды.

2009 жылдың соңындағы инфляцияның болжамды деңгейі теңгені құнсыздандыруға орай 11 пайызға дейін артады деген болжаммен түзетілді. Аталған заң жобасы көпшілік дауыспен мақұлданды.
XS
SM
MD
LG