Accessibility links

АҚШ конгресмендері Фидель Кастромен кездесті


АҚШ конгресінің үш өкілі Кубаның бұрынғы президенті Фидель Кастромен кездесті. Конгресмендердің біреуінің айтуынша, 82 жастағы Кастро «өте қуатты және денсаулығы мықты» көрінеді.

Бұл Куба басшысының АҚШ ресми өкілдерімен 2006 жылдан бергі алғашқы кездесуі. Қазір АҚШ президенті Барак Обама Кубадан 47 жыл бұрынғы енгізілген эмбаргоны алып тастау мәселесін қарастыруда.
XS
SM
MD
LG