Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстан 7 адам қаза тапты


Бағдадта шииттердің қасиетті жері жанында болған бомба жарылысынан 7 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды. Шабуыл шииттердің Муса әл-Казим мешітіне жақын жерде бүгін таңертең орын алды.

Дүйсенбі күні Ирақ астанасында қатарынан 6 бомба жарылып, кемінде 34 адам қаза болды. Премьер-министр Нури әл-Малики соңғы шабуылдарға байланысты Әл-Қаида мен Баас партиясының қолдаушыларын айыптады.
XS
SM
MD
LG