Accessibility links

Обама Ирақ саясаткерлерін ымыраға келуге шақырды


АҚШ президенті Барак Обама Ирақ фракцияларын саяси ымыраға қол жеткізіп, Ираққа қатысты жауапкершілікті өз мойындарына алуға шақырды. Бұл туралы Обама сейсенбі күні күтпеген жерден Ираққа барған кезінде мәлімдеді.

Бұл сапары барысында Обама Ирақ премьер-министрі Нури әл-Маликимен кездесіп, елде сайлау өтетіндіктен және АҚШ күштері елден шығарылатындықтан алдағы 18 ай Ирақ қауіпсіздігі үшін өте маңызды болады деп мәлімдеді.

Қазір Ирақта АҚШ күштерінің саны 140 мың шамасында. Вашингтон оларды 2011 жылдың аяғына дейін елден шығаруды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG