Молдованың коммунисттік президенті Владимир Воронин елдегі зорлық-зомбылық әрекеттеріне көршілес Румыния мемлекетінің қатысы бар деп айыптады. Ал Румыния Ворониннің айыптауларын жоққа шығарып, оны арандатушылық деп атады. Молдова Румыниядағы елшісін шақыртып алып, Румыния елшісінің 24 сағат ішінде Молдовадан кетуін талап етті.
Демалыс күнгі сайлауда коммунистердің жеңіске жетуіне наразы болған халық Кишиневтегі президент және парламент кеңселеріне шабуылдады. Кейінірек қауіпсіздік күштері бұл ғимараттарды өз бақылауына алды. Зорлық-зомбылық әрекеттері барысында 1 әйел қаза тауып, 40-тан астам адам жарақат алды.