Еуропа Одағы әуе компанияларына тыйым салатын тізімін жаңартып, оған нашар қауіпсіздік көрсеткіштері бар 6 қазақстандық компанияны енгізді. ЕуроОдақтың қара тізіміне Қазақстанның ATMA, Бүркіт, Көкшетау, East Wing, Starline KZ және Саят әуе компаниялары енгізіліп отыр. Аталған компаниялардың ұшақтарына ЕуроОдақ елдерінде тыйым салынады. Үш ай сайын жаңарып тұратын бұл тізімге сондай-ақ украиналық Motor Sich әуе компаниясы да енгізіліп отыр. Сонымен ЕуроОдақта тыйым салынған әуе компанияларының саны 194-ке жетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?