ҚР-ның Иордан Хашимит Королдігіндегі елшілігінің хабарлауынша, Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Болат Сәрсенбаев Амман қаласының мэрі Омар әл-Маанимен кездесті, екіжақты жүздесу барысында 2005 жылғы келісімге негізделген екі елдің астаналары арасындағы ынтымақтастық мәселелер сөз болды.
Тараптар арасындағы келісімге сәйкес, осы жылғы сәуірдің 12-14 аралығында Иордания астанасы Амман қаласында Астана қаласының мәдени күндері өтеді. Иордан жағы Иманғали Тасмағамбетов бастаған Қазақстанның өнер қайраткерлерінен құралған Астана делегациясын күтіп алуға дайын екендерін айтты.