Accessibility links

Мұнай биржаларында баға сәл көтерілді


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің мәліметінше, жетекші мұнай биржаларында 2009 жылдың 8 сәуіріндегі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы сәл ғана көтерілген.

«Алдағы айға мұнай фьючерсінің ресми бағасы мынадай болды: Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында — IPE Brent Crude мұнайының бір баррелі үшін баға 51,59 доллар (+0,37) ; Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil мұнайының баррелі 49,38 доллар (+0,23) болды», —делінген агенттік хабарламасында.
XS
SM
MD
LG