Accessibility links

Дөңгелек үстелде интернетке бақылау мәселесі талқыланады


Бүгін Астанадағы Журналистер үйінде ЕҚЫҰ орталығы, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Қазақстан Журналистер одағы, Freedom House қоғамдық ұйымы мен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры бірлесіп, «Интернетке мемлекеттік бақылау орнату және азаматтардың ақпарат алу құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел барысында интернетке мемлекеттік бақылау орнатудың мақсат-міндеттері, интернет-медиаға қойылатын талаптар, интернетті БАҚ-ның иелері мен пайдаланушылардың құқықтық жауапкершілігі, ұлттық және шетелдік интернет ресурстарының мазмұнын реттеудің құқықтық ерекшеліктері, шетелдік интернет ресурстарын сүзгіден өткізудің талаптары мен шектері, ҚР-да сөз бостандығына конституциялық кепілдік жағдайында интернет ресурстарына қол жетімділік заңнамасын жетілдіру сияқты мәселелер талқыға түседі.

Жиынның қорытындысы бойынша «ҚР ақпараттық-коммуникациялық желі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне» ұсыныс білдіру жоспарлануда.
XS
SM
MD
LG