Accessibility links

Алматыда BarCamp конференция өтеді


17-19 сәуір күндері Алматыда «BarCamp Central Asia 2009» атты медиа мамандарына арналған бейкоммерциялық ақпараттық конференция өтеді. Бұл жиынға IT және медиа мамандары, блокшылар, азаматтық журналистика мен веб-девелопмент өкілдері қатыспақ. Мұндай кездесу бұған дейін әлемнің 350 қаласында өткен.

Баркемп (ағыл. BarCamp) — бұл ешқандай дәстүрлі пішін мен түрге тәуелсіз өтетін халықаралық конференциялар желісі. Мұндай жиындар баяндама, тренинг, презентация және талқылау түрінде өткізіледі. Баркемпті білімдендіру, ақпараттандыру шарасы деуге болады.
XS
SM
MD
LG