Accessibility links

Молдовада сайлау қортындысы ресми бекітілді


Молдованың орталық сайлау комиссиясы жексенбілік сайлау қортындысын мақұлдап, коммунистерге парламенттен 60 орын беріп отыр. Бұл дауыс берулер нәтижесіне қарсылық танытушылар сейсенбі күні Кишиневтегі үкіметтік ғимараттарды басып алып, төңкеріс жасамақшы болғанда адам шығыны болып, 270 адам жараланды. Одан кейін қауіпсіздік күштері қалаға бақылауды өздері алды.
Коммунист-президент Владимир Воронин билікті құлатпақшы болды деп Румынияны айыптады, бірақ Бухарест ол айыптауды жоққа шығарды.
Батыс елдері тараптарды тыныштануға шақырып отыр. Бұларада ресейлік РИА ақпарат агенттігі Молдова билігі Румынияның үш журналисін елден шығармақшы деп хабарлады.
Сонымен қатар Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропа Одағы мен Румыния Кишиневтегі көтерілісте көрінген румыниялық тулар мен ұрандар Молдованың егемендігін бұзуға бағытталмағанын дәлелдеуі тиіс деді.
XS
SM
MD
LG