Accessibility links

Бұрынғы имам аудан әкімін сотта жеңді


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сәуірдің 8-і күні Атырау облысы Қызылқоға аудандық соты бұрынғы имам Мұрат Сұлтановтың берген талап-арызын қанағаттандырып, аудан әкімі Жангелді Рахметқалиевке арыз иесіне моральдық өтемақы ретінде 50 мың теңге төлеуді міндеттеп шешім шығарды.

Азаттыққа берген сұхбатында бұрынғы имам сот шешіміне қанағаттанатындығын айтты.

– Ең бастысы, сот менің ар-намысымды қорғап, талабымның дұрыс екендігін қолдады. Әкім жазасын алды. Енді ол діндар адамдарға күйе жағып, жазықсыз қудаламас бұрын бұл оған сабақ болады деп үміттенем, – деді М.Сұлтанов.

М.Сұлтановтың айтуынша, ол мешіт ғимаратын әкімшілікке беруден бас тартқаннан кейін әкім Жангелді Рахметқалиев оны қудалап, мешітке кіруіне тыйым салған және дәстүрлі емес діни ағым – салафизмнің өкілі деп кінәлаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG