Accessibility links

Ирақ премьер-министрі Мәскеуге барады


Бүгін Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мәлики Мәскеуге барады. Ирақтың ақпарат ұйымдарының хабарлауынша, Мәлики өзінің Ресейге үш күндік сапарында экономикалық келісімдерге қол қоюға үміт артып отыр.
Ол сонымен қатар Ираққа Ресей компанияларының оралуы туралы мәселелерді талқылап, оның ішінде мұнай-газ, су және электр инфрақұрылымы саласына ресейліктерді тарту жағын сөйлесетін болады.
Премьер-министр сонымен бірге Ресейдің ірі мұнай компаниясы Лукойлды Ираққа қайтару мүмкіндігін қарастырып, онымен бұрынғы 1997 жылдардағы келісім-шарттарды қайта жандандыру мәселесін талқылайды деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG