Мемлекет басшысының .қызы Дариға Назарбаева Францияның Өнер және әдебиет (Ordre des Arts et des Lettres) орденінің иегері атанды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».
Францияның мәдениет министрі Кристин Альбанель Франция Республикасының басты төрт марапаттарының бірі — жалпы әлемдік мәдениетке және соның ішінде француз мәдениетіне үздік үлес қосқан тұлғаларды марапаттау үшін тағайындалатын Өнер және әдебиет (Ordre des Arts et des Lettres) орденін Дариға Назарбаеваға табыс етті.
Франция Республикасының Өнер және әдебиет орденіне лайық деп танылғандардың арасында АҚШ киносының өкілі Джордж Клуни (2007) мен әртіс Джуд Лоу бар. 2006 жылы бұл наградаға Ума Турман мен әнші Патти Смит ие болған.