Accessibility links

Италияда тағы да жер асты дүмпуі болды


Италиядағы Абруззо ауданында магнитудасы 4,9-ға жеткен жаңа қуатты жер асты дүмпуі тіркелді. Дүмпу салдары Италияның астанасында да сезілді, — деп хабарлайды «РосБизнесКонсалтинг» (РБК) ақпараттық агенттігі.

Бұл дүйсенбі күні Аквила қаласын қиратып кеткен жер сілкінісінен кейінгі жаңа қуатты дүмпу болып отыр. Оның салдарынан Аквила қаласының орталығында екі үй құлап қалған, бірақ онда тұратын екі әйелдің үйде болған-болмағаны белгісіз. Бұл жерде қазір карабинерлер мен өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Бүгін Аквилада зілзала құрбандары жерленеді.
XS
SM
MD
LG