Польша Ауғанстандағы әскери контингентін 400 адамға көбейтпек, — деп хабарлайды РБК агенттігі. Бұл шешімді мақұлдаған ел президенті Лех Качиньский: «Енді Ауғанстандағы әскер саны 2 мыңға жетеді», — деп мәлімдеді.
Әскер қатарын толықтырушылар аталған аймаққа мамыр айының басында келеді. Бұл туралы Польша премьер-министрі Дональд Туск сұрау салған еді.
НАТО Солтүстікатлантикалық альянсына мүше мемлекеттер басшылары Ауғанстанға 5 мың адам шамасында қосымша әскер жіберуге шешім қабылдаған болатын.